Бизнес-класты «Уют» қонақүйі
Оңтүстік астананың ең көркем орталық ауданында орналасқан. Итальяндық стильдегі жоғары сыныпты мейрамханасы, қонақүй үшін бай, түрлі санаттағы нөмірлерден тұратын нөмірлер қоры және қаланың ең ірі көлік жолдарына тікелей жақындығы саяхатшылар мен іссапардағы қызметкерлер үшін бізді тартымды етеді.
Біз Алматы қонақтарын қабылдап қана қоймай, стильді банкет залын және барлық қажетті техникамен жабдықталған конференц-залды жалға бере отырып, жеке және корпоративтік шаралар өткіземіз.
Қызмет көрсету деңгейі жоғары қонақүй
Біздің қонақтарымызға ықшам еуропа стилінде өрнектелген 115 нөмір қызмет етеді. Әр апартамент санатына қарамастан эргономикалық жиһаздармен және жұмысқа және демалысқа қажетті техникамен жарақталған.
Бизнес қатарлы «УЮТ» қонақ ұйі кешені Алматы орталығының тыныш ауданында орналасқан. Ыңғайлы орналасуының, дамыған инфрақұрылымының, жоғары қызмет көрсету деңгейінің, сондай-ақ ойға қонымды баға мен сапа арақатысының арқасында қонақ үйі іскер адамдар мен туристер үшін керемет таңдау болып табылады. Халықаралық әуежайдан қонақ үйіне дейінгі жол ұзақтығы 20-25 минут, т/ж вокзалынан 10 минут құрайды.
115 жайлы әрі ыңғайлы нөмірлер қайта құрылуынан кейін күзет және өртке қарсы сигнализациясымен қамтылған, еуропалық стильде жасалған, барлық қажеттімен: көп арналы спутниктік теледидармен, DVD, ауа баптағышпен, мини-бармен, фенмен, ақысыз WI-FI интернетпен, сейфтермен жабдықталған. Тұру құнының ішіне ертеңгі ас (швед үстелі), 12% ҚҚС кіреді. Қонақ үйі мынадай нұсқалар бойынша тұруды ұйымдастырады: толық пансион – 7000 тг., 5800 тг., жартылай пансион – 3500 тг., 2900 тг. Икемді жеңілдіктер жүйесі көзделген. Ғимарат күзетіледі.
Ішіне 100,30,30 адамға дейін сыйатын мәжіліс залдары ыңғайлы әрі жайлы жағдайда іскерлік кездесулерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді, іштерінде орнатылған барлық қажетті жабдықтар іскерлік кездесулер мен іс-шаралардың жоғары сапасын қамтамасыз етуге көмектеседі.
Мейрамхананың интерьері итальяндық стильде орындалған. Бұл жерде Сіздер Азия, Еуропа және Шығыс халықтарының тамақүлгілерінен дәм татасыздар. 70 адамға дейін отырғызуға болатын банкеттер, таныстырулар, салтанатты шаралар өткізу, кофе-брейктер, бизнес-ланчтер, фуршеттер, көшпелі тамақтандыру ұйымдастыру және қызмет көрсету үшін барлық мүмкіндіктер көзделген. Лобби бар 24 сағат бойы ашық тұрады. Жазғы алаңша Сіздерді жайма көгілдірімен және фонтанның сылдырымен қарсы алады.
Толық демалу және көңіл көтеру үшін отельде VIP-сауна бар, оның ішіне Фин бу бөлмесі, қонақжай бөлме, екі демалыс бөлмесі, жылы бассейн, массаж жасаушының қызметтері, қажетті техника, мейрамхана қызмет көрсетулері және паркинг кіреді.
Сонымен бірге қонақтарымызға мынадай қызмет көрсетулер ұсынамыз: тәулік бойы брондау, кез келген уақытта нөмірлерге қызмет көрсету, бизнес-орталық, базарлықтар дүкені, кір жуу және химиялық тазарту қызметтері, отель саунасына күнделікті ақысыз бару, көлік қызметтері, шетел азаматтарын тіркеу, киім үтіктеу бөлмесі, сақтау камерасы, ресепшндегі сейф, халықаралық телефон байланысы, банкомат, терминал және көлік тұрағы.
Отельде кредиттік карталармен, қолма-қол ақшамен немесе аударым арқылы есеп айырысуға болады.
Біздің қонақтарымызды қонақ үйіміздің жайлылығы және қызмет көрсету сапасы қуантып, таңдандырады!
Онлайн брондауға болады:
Фотосуреттен өзіңізді қызықтырған нөмірді таңдаңыз, өзіңізге ыңғайлы әдіспен төлеңіз (қолма қол ақшамен немесе аудару арқылы (Visa, Master Card, Euro Card) есептесу).
Есептесу
Базалық қызметтерден басқа біз қосымша қызметтер де ұсынамыз: жастық мәзірі, сейфтер (бөлмелерде және тіркеу орындарында), банкоматтар және терминалдар, халықаралық телефон байланысы. Кәсіби күзет сіздің қауіпсізідігіңізді тәулік бойына қамтамасыз етеді
«Уют» - қонақүйінің әлеуеті зор. Қоңырау шалыңыз, брондаңыз, келіңіз!