Конференц залды жалға алу

Алматы қаласының орталығында орналасқан «Уют» қонақүйінің конференц-залдары Сізге қызмет көрсетуге дайын! Олардың ерекшелігі алдымен кеңдігі – мұнда 30 дан 100 адамға дейін жайлы орналаса алады. Қонақүйдегі кез келген конференц-зал іскерлік келіссөздерді қабылдай алады, фокус-топ жұмысына, шағын-концерт немесе таныстырылым өткізу орны бола алады, Сіздің іс-шараңыз дөңгелек үстел ретінде (келіссөздерге арналған үстел тура залдың ортасында орналасқан) немесе келіссөзге қатысушылар бірнеше қатар болып отыра алатын театрлық оқу форматында ұйымдастырылуы мүмкін. Зал ішінде жайлы орналаса алатын адамдар саны креслолардың қалай қойылғанына тікелей байланысты.

«Уют» қонақүйінің конференц-залдарын жалға алу: таң қаларлық алуан түрлілік

Қонақүйдегі келіссөздерге, семинарларға және басқа да маңызды шараларға ыңғайлы заманауи конференц-залдар саны үшеу:

  • «Хан-Шатыр» 30 адамнан 100 адамға дейін сияды;
  • «Достык» - 20-30 адам;
  • «Куат» - 20-30 адам.

Шағын мәжілістер өткізуге біз барлық қажетті заттармен жабдықталған, 15-25 адам еркін сиятын келіссөздер бөлмесін ұсына аламыз. Сіз жоспарлаған фуршетке немесе кофе-брейкке біздің қонақүйіміздің мейрамханасы қызмет көрсетеді

 

Конференц-залдарды жалдау құны

«Уют» қонақүйінің конференц-залдарын жалға алу құны жалға алу ұзақтығына да сондай-ақ залдың өлшемдеріне де тікелей байланысты.

«Хан-Шатыр» конференц-залы

  • Театр әдісі - 100 адамға дейін
  • Дөңгелек үстел - 30 адамға дейін
  • Бағасы (теңгемен) 9 сағатқа - 90000
  • Бағасы (теңгемен) 5 сағатқа – 50000

«Достык» конференц-залы

  • Театр әдісі - 30 адамға дейін
  • Дөңгелек үстел - 20 адамға дейін
  • Бағасы (теңгемен) 9 сағатқа - 45000
  • Бағасы (теңгемен) 5 сағатқа – 25000

«Куат» конференц-залы

  • Театр әдісі - 30 адамға дейін
  • Дөңгелек үстел - 20 адамға дейін
  • Бағасы (теңгемен) 9 сағатқа - 45000
  • Бағасы (теңгемен) 5 сағатқа – 25000

Конференц-залдарды жалға алу құнына оның базалық жарақтарын қолдану бағасы кіреді. Біздің залдарымыздың әрқайсысында бар:

  • 120-дюймдік бірнеше сұйық кристаллды мониторлар;
  • бейнеқосар;
  • DVD-күйтабақ ойнатқыш;
  • маркерлік тақта;
  • флипчарт.

Қажеттілік болса біздің қонақтарымыз бөлек төлеммен жоғары технологиялық жабдықтарды қосымша жалдай алады.

Барлық сұрақтарыңызға жауап береміз және конференц-залды брондаймыз.

Төмендегі жолдарды толтырыңыз:

Отправка заявки…

Произошла ошибка.

Повторите еще раз.

Заявка получена. Спасибо

  • Толығырақ

    Құрметті Ханымдар мен Мырзалар!

    Кеңестерді, тренингтерді және семинарларды біздің мәжіліс залдарымызда өткізе аласыздар.

    Төлем ақысының ішіне маркерлік тақта, флипчарт, бейне жабдығы, DVD, диагоналі 120 см 3 СК-монитор кіреді. Қажетті жабдықтар Сіздерге іскерлік кездесулердің жоғары сапасын қамтамасыз етуге көмектеседі!

     

    Мәжіліс залдарын және келіссөздер бөлмесін жалға беру бойынша барлық қызмет көрсетулер бағалары тапсырысқа қарай қайта қаралуы мүмкін. Демалыс және мейрам күндері жеңілдіктер жүйесі қолданылады.